«ЗЕРДЕ» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНДА МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін «Зерде» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және оның негізгі басымдықтарын талқылау мақсатында кездесу өткізілді.
Кездесуге «Әділет» партиясы Ойыл аудандық филиалының төрағасы Еркін Жиеналин қатысып, Жолдауда айқындалған негізгі міндеттер мен басым бағыттардың мән-маңызына тоқталды.
Кездесу барысында еліміздің алдағы даму бағдарлары, экономикалық өсімді қамтамасыз ету, халықтың әл-ауқатын арттыру, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту және әлеуметтік мәселелерді шешу бағытындағы бастамалар кеңінен түсіндірілді. Әсіресе, Мемлекет басшысы көтерген міндеттердің қарапайым азаматтардың тұрмыс-тіршілігіне, еңбек адамдарының жағдайына және қоғамның тұрақты дамуына ықпалына назар аударылды.
Сонымен қатар, Жолдауда белгіленген міндеттерді жүзеге асыруда әрбір азаматтың жауапкершілігі, қоғамдық ұйымдардың белсенділігі және мемлекеттік бастамаларды халық арасында түсіндіру жұмыстарының маңыздылығы атап өтілді. Ел дамуының нәтижелі болуы нақты істерге, ортақ мақсатқа жұмылуға және қоғам мен мемлекет арасындағы өзара сенімге байланысты екені айтылды.
Кездесуге қатысушылар Жолдаудың басымдықтары бойынша пікір алмасып, көтерілген бастамалардың ел болашағы үшін маңызын талқылады.





