Білім

Еңбекшінің құқығы мен қауіпсіздігі семинардың арқауы

Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күніне орай Ойыл аудандық кәсіподақ ұйымының жұмыс жоспарына сәйкес 16-17 сәуір күндері білім беру мекемелері арасында «Ойыл ауданының білім беру мекемелерінде еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуының құқықтық негіздері» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинарға «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің бас маманы, құқықтық инспекторы А.Л.Алимпиев, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау маманы  Н.Ы.Жетпісбай, аудандық білім бөлімінің басшысы Е.М.Тлепов, аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы Г.Избагамбетова  қатысты.
Семинар барысында  білім беру мекемелерінде  ұжымдық, еңбек шарттарының толтырылуы, еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және өндірістік жарақаттардың алдын алу  бойынша  толық ақпараттар  берілді. Семинар жұмысына мекеме басшылары, еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар, бастауыш кәсіподақ ұйымының көшбасшылары қатысты. Аудан білім мекемелерінде еңбек заңнамаларының сақталуына бақылау жасау мақсатында, «Жолшы» бөбекжай бақшасы, Ойыл қазақ орта мектебі, Ш.Берсиев атындағы орта мектебінде қоғамдық бақылау жүргізілді. Семинар соңында облыстық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасымен бірқатар кәсіподақ мүшелері марапатталды.

Басқа жаңалықтар