Әлеумет

Меморандумға қол қойды

Қазірде діни білімді интернеттен іздеп, жат ағымның арбауына түсіп жатқан азаматтар бар. Ауданда оның алдын-алу мақсатында өткен бейсенбіде аудан әкімі Асқар Қазыбаев пен Ақтөбе медресе коледжінің директорының орынбасары Бауыржан Достанұлы өзара келісім меморандумына қол қойды.
Аудан әкімі діни сауатын ашқысы келетін азаматтар үшін осындай оқу орындарының маңызы зор екенін атап өтті. 2008 жылы ашылған бұл медресенің басты мақсаты ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсібін шыңдауға бағытталған діни білім беру. Мұнда дін қызметкерлерін даярлайтын оқу бағдарламасы негізінде ислам және иман негіздері оқытылады. Кездесу соңында Бауыржан Достанұлы Ақтөбе медресе колледжі туралы ақпарат берді.
Яғни, медресе 2016 жылы колледж атағын алды. Шәкірттердің алаңсыз білім алуына бар жағдай жасалған. 200 адамдық асхана, кітапхана, жатақхана да қарастырылған. Қыздар бөлімінің ашылуы да жоспарланып отыр екен. Шәкірттердің жан-жақты, нағыз тұлға болып қалыптасу жолында білікті де, білімді мамандарымыз аянбай қызмет атқаруда. Қазіргі күнде дін саласында қызмет етіп жүрген түлектері көп. «Біздің міндетіміз осындай діни сауатты, көзі ашық жандарды тәрбиелеп, адал жолға бастау» — дейді Ақтөбе медресе коледжі директорының орынбасары.

Басқа жаңалықтар