Басты тақырыпДенсаулықРухани жаңғыруЭкономика
ТАЗАЛЫҚҚА ҮЛЕС ӘР АУЛАДАН БАСТАЛАДЫ
Тазалық саулық негізі, саулық байлық негізі демекші ауданымызда күзгі тазалық айлығы екі апта бұрын басталды. Күзгі санитарлық тазалық айлығына ауылдық округтерде өзіндік үлестерін қосып, ауылдың гүлденуіне айрықша атсалысып келеді. Аудан орталығынан шалғай орналасқан елді мекендер тұрғындары да тазалық айлығына жұмыла кірісті.
Сарбие ауылдық округі аудан орталығынан шалғай орналасқан ауылдардың бірі. Көршілес, Атырау, Батыс Қазақстан облысымен шектесетін ауданның соңғы сағасы. Сарбиеге жақын көршілес аудан тұрғындарымен етене араласып келеді. Сарбиеге келген қонақтар ауылдың келбетіне қызыға қарайды. Өйткені бұл ауылдың көшелері асфальтталып, ауылды таза ұстау жұмыстары тындырымды атқарылуда. Еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін ауылдың келешегіне, көрейіп, гүлденуіне өзіндік үлестерін қоссам дейді.
Сарбие ауылдық округінің елді мекендері бойынша күзгі тазалық айлығының 2 аптада жұмыс жоспары мен орындалуы бойынша елді мекендер аумағындағы қалдықтар жиналған орындарды жою бойынша 1,2 тонна күл-қоқыс шығарылды. Күзгі тазалық айлығында 9 тоннаға дейін тұрмыстық қалдықтарды шығару жоспарланып отыр.
Көшелерді, қоғамдық орындарды, аулаларды қалдықтардан тазарту және белгіленген орындарға шығару бойынша 2 көшеге толықтай тазалық жұмыстары жүргізіліп, 1,4 тонна қалдықтан тазартылды.
Скверлерді және парктерді абаттандыру, қалдықтарды тазарту бойынша 1,5 гектар аймаққа тазалық жұмыстары жүргізілді. Тазалық акцияларына 36 адам қатысып, қажетті техникалармен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар автомобиль жолдары айналасын қалыпқа келтіру, абаттандыру, өзен, су жағалауларын қалдықтардан тазалау, елді мекендерді көгалдандыру жұмыстарын жоспарлы түрде жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Тұрғындар тарапынан «Абаттандыру ережесін» бұзғандар алғашқы екі аптада да болған жоқ. Округ бойынша барлық мекеме басшылары мен қызметкерлері тазалық айлығына белсене қатынасуда.
Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ,
Ойыл селосы.