ӘкімдікӘлеуметБасты тақырыпБілімМәдениетРухани жаңғыру
ҮЗДІК ЖАСТАР МАРАПАТТАЛДЫ
Жыл өткен сайын өркениеттің көшінен қалдырмайтын, ұлтты ұшпаққа шығарар жастарға даңғыл жол салынып жатыр. 6000-ға жуық жастары бар ауданымызда маңызды әрі жастардың сұранысына сай бірқатар жоба жүзеге асырылуда.
Жуырда “Ел ертеңі — жастар!” атты аудан жастарының жыл қорытындысы өтті.
Оған талапты да, талантты аудан жастар жиналды.
Іс-шара барысында мемлекеттік жастар саясатын өңірде жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінованың алғыс хатымен аудандық жастар ресурстық орталығы, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ләззат Оразбаеваның алғыс хатымен бірқатар жастар марапатталды.
“AMANAT” партиясы Ақтөбе облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ербол Данағұловтың алғыс хатымен, облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Нұрлыбек Мусиннің алғыс хатымен ауданда жастар саясатын дамытуға қосқан үлесі үшін белсенді жастарымыз марапатталды.
Сондай-ақ, ауданда мемлекеттік жастар саясатын дамытуға қосқан үлесі үшін білім ордалары мен мекемелер де марапаттан тыс қалмады.
Ән мен биге өрілген шарада “Үздік жас отбасы”, “Үздік жастармен жұмыс жөніндегі ауылдық округ”, “Үздік жас спортшы”, “Үздік ауыл жасы”, “Үздік жас ұстаз”, “Үздік жас дәрігер”, “Үздік жас кәсіпкер”, “Үздік еңбек жасы”, “Үздік өнерпаз жас”, “Үздік волонтер” номинацияларға ие болған жастар арнайы диплом, естелік сыйлықтармен марапатталды.
P.S. АУДАН ЖАСТАРЫНЫҢ БАРЛЫҚ САЛАДА ЖЕТІСТІКТЕРІ ЖЕТЕРЛІК. БИЫЛ ОЛАРДЫҢ СҮЙІНШІЛЕЙТІН ЖАҢАЛЫҒЫ КӨП БОЛДЫ. АТАП АЙТСАҚ, “АНВАР” ЖШС-НІҢ ДИРЕКТОРЫ, АУДАННЫҢ ДАМУЫНА ӨЗ ҮЛЕСІН ҚОСЫП ЖҮРГЕН ЖЕРЛЕСІМІЗ ТАЛҒАТ САЛФИКОВ АУДАНЫМЫЗДЫҢ ЖАСТАРЫ ҮШІН КРЕАТИВТІ ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫН САЛУДА.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ