Әлеумет

Елордамыздың құрдастары, еңселі елдің түлегі

Ұлы дала төсіндегі Мәңгілік Елдің Елордасы — Астана биыл 20 жасқа толып отыр. Осы орайда өткен бейсенбіде «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы атындағы» мәдениет және демалыс орталығында «Астана – жарқын болашақтың кепілі» атты Астана құрдастарымен кездесу кеші өтті. Онда Астана қаласында білім алған, бірақ қазіргі таңда Ойыл ауданында жұмыс жасап жүрген және  әлі де оқып жатқан студенттері келіп Астана туралы өз ойларын көпшілікпен бөлісті. Сол жас буындардың бірі Инесса Қамат қазіргі таңда Астана қаласында оқиды. Ол «Астананы алып шаһар десе де болады. Ол өте әдемі. Әсем ғимараттары мен зәулім үйлерін жекелеп, даралап айтар болсақ уақыт жеткізе алмайтындаймын. Астана қаласында адамдардың көптігі сонша бір кезіктірген адамды қайта көру мүкін емес. Астана жылдан – жылға өркендеп келе жатыр. Онда өзге ұлт өкілдерінің әсіресе білім алуға келген жастарды көптеп кезіктіресің. Менің өзіме Астана қатты ұнайды» — дейді. Асылан Қайырғалиев та қазіргі таңда Қазақ ұлттық Әл-Фараби атындағы унверсететтің студенті. «Мен Астананың төл құрдасымын. Мен өзімді Астанамен салыстырып көретін болсам, Астана сияқты тез – тез өсіп келе жатырмын. Астана абыройымыздың айғағы, тәуелсіз еліміздің жүрегі екені айтпасада белгілі» — деп сөзін түйіндеді. Ал, Сандуғаш Қарсақбаева Астанада Шабыт Қазақ Ұлттық Өнер университетінің ІІІ курсында оқып жатқан студентердің бірі. «Мен алғаш рет Астана қаласына кішкентай кезімде барғанмын. Ол кезде бала болғандықтан еш нәрсеге мән бермеппін. Өсе келе алғаш Астанаға барғанымда маған ол шет елдей көрінді. Кейін оқып жүріп көзіміз үйренісе бастағаннан кейін барып, қызығушылығым оянып әдемі жерлерін аралай бастадым. Астана енді дамып келе жатқан жас қалалардың бірі болғандықтан, әлі де дами беретіне сенімдеміз»- дейді. Ыбырай Жексенбаев «Биыл елімізде айтулы мерекелердің бірі Астана күні. Әрине аз уақыттың ішінде әлемдік маңызы бар халықаралық жиындарды жоғары денгейде өткізіп, төрткүл дүниеге танылып үлгерген Астана – әр қазақтын мақтанышы екені сөзсіз» — деп келген қонақтарға нақтылай кетті.

Әрмен қарай бас қаланың былтырғы тойы халықарлық мамандандырылған ЕХРО көрмесі өткені ел есінде. Міне сол ЕХРО көрмесіне жолдама алған «Үкілі үміт» клубының мүшесі, жеке кәсіпкер Әсем Байтұр өзінің ЕХРО-да алған әсерін айта кетті. «Негізі адам бір жерге барарда өзі көрмеген жерді көзімен елестетіп барады. Менде де дәл сондай ой болды. Бірақ мен ойлаған ойданда асып кететін көрмелермен әдемілікті сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Әсіресе сол кезде Астананы тап бір өзге мемлекет дерсіз. Бұндай тамаша көрініске тамсанбау мүкін емес» -дейді. Сонымен бірге кеш қонақтары «Достық» өзге ұлт өкілдері клубы, «Замандас» аналар клубы, «Әйел бақыты» жас келіндер клубы және «Үкілі үміт» мүмкіндігі шектеулі жандар клубы қатынасып өз өнерлерін Астана күніне тарту етті. Расымен де Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Астана қаласының өзіде, тұрғындарының санасы да жаңа болу керек» деген болатын.Әлем елдерінің ішінде Дубай сияқты әдемі, Лондон сияқты ғажап, Париж сияқты көркем болуына үлес қосатын болашақ жастар. Жалпы Астана қазағымыздың құтты қонысы екені бәріне айқын.

Өміргүл ТЕМІРХАН,

Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар