Экономика

АЛМАС САЛЫҚБАЕВ СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Алмас Салықбаев су тасқыны салдарынан зардап шеккен кәсіпкерлердің шығынын есептеу бойынша бағалаушы компаниялардың өкілдерімен Ойыл ауданына іссапармен барды. Іссапар барысында Ойыл ауданы бойынша зардап шеккен 16 кәсіпкерлік субъектісіне техникалық тексеру және бағалау жұмыстары жүргізілді.
Жалпы облыста 79 шағын және орта бизнес субъектісі зардап шекті. Су тасқыны салдарынан зардап шеккен кәсіпкерлер шығынын өтеу бойынша өңірлік комиссия жұмысы жалғасуда.

Басқа жаңалықтар