Экономика

АУДАН ЖАСТАРЫНЫҢ ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ӨТТІ

Аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен жылдың қорытынды кеші аудан жастарының басын қосты. Бұл шара жастардың еңбегін бағалау, оларды қолдау және ынталандыру мақсатында ұйымдастырылды.

Салтанатты кешке аудан әкімі Асқар Қайырғалиұлы, аудан әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев, сондай-ақ «Ойыл аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ басшысы Ұлмекен Төлеушева қатысты. Шараға аудан орталығынан және ауылдық округтерден келген белсенді жастар қатысты.
Кеш барысында мемлекеттік жастар саясатын дамытуға үлес қосқан жастар мен білім ордалары, мекемелер марапатталды. Белсенділік пен ерекше жетістіктерімен көзге түскен жастар арнайы номинацияларға ие болды. Олардың қатарында «Үздік шығармашыл жас», «Үздік жас спортшы», «Үздік жас ұстаз», «Үздік жас дәрігер», «Үздік студент», «Үздік еңбек жасы» және «Үздік өнерпаз жас» сынды марапат иегерлері бар. Барлығы 34 жас марапатталып, арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.
Кештің ерекше сәнін әсем ән мен күй кіргізді. Жастарға арналған бұл кеш көңілді атмосферада өтіп, шара соңында барлық қатысушылар арнайы ұйымдастырылған фуршетте бір-бірімен еркін сұхбаттасып, өзара тілектестік білдірді.

Басқа жаңалықтар