Экономика

Қазақстанның географиялық орналасуының өзі саясатта үлкен шеберлікті қажет етеді

Сәрсембин Үмбетқан Қуандықұлы
Философия ғылымдарының кандидаты, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің кафедра меңгерушісі.

Мемлекеттің нығаюы оның стратегиялық саясатымен тығыз байланысты. Қазіргі әлемнің жағдайында бұған көңіл бөлу маңызды деп есептейміз. Еліміз өткен жылдың өзінде ірі халықаралық ұйымдарда төрағалық етті. Бұның өзі Қазақстанның Орта Азия елдерінің арасында тұрақты байланыстың нығаюындағы рөлін көрсетеді. Бұл экономика үшін де қажет. Экономика даму үшін мемлекет ірі халықаралық және аймақтық жобалардың іске асуына мұрындық болуы тиіс. Бұған әсер ететін мемлекеттің саясаты. Мемлекетіміздің сыртқы саясаты аймақтық тұрақтылықтың сақталуына үлкен әсер етіп отыр.

Қазақстанның географиялық орналасуының өзі сыртқы саясатта үлкен шеберлікті қажет етеді. Осы жерде мемлекеттіңжүргізіп отырған көп векторлы саясатының мәнін терең түсінуге болады. Қазір әлем өтпелі кезеңді басынан өткізуде. Әлемде алпауыт елдер арасында бәсекелестік күшеюде. Экономикадағы бәсекелестік күшейген уақытта саясаттыңда өзгеребастайтыны анық. Қоғам бұны түсінуі қажет. Мемлекеттің сыртқы саясаты оның әлемдік сахнадағы рөлін күшейту үшін құрылатынын ескерсек, бұған тікелей әсер ететін елдің ішкі тұтастығы, бірлігі деп айтқым келеді.

Related Articles

Back to top button