Экономика

Өңірдің жоғары оқу орындарының жатақханаларында 3 мыңнан астам студент тұрады

Ақтөбе облысындағы 4 жоғары оқу орнында 4869 орындық 11 жатақхана бар. Онда орналасқан студенттердің саны 3394-ті құрап отыр. Бұл туралы өңірлік коммункиациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық Жастар саясаты мәселелері бойынша басқармасының басшысы Мейірхан Ермағанбетов мәлімдеді. Спикердің айтуынша, студенттерге орын жеткілікті.

«Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің 2200 орындық 4 жатақханасы бар. Онда тұрып жатқан студенттер саны – 1940. Ал, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің 2345 орындық 5 жатақханасы бар. Онда 1324 студент тұрып жатыр. Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінде 204 орындық 1 жатақхана бар. Ондағы студенттер саны – 104. Қазақ-орыс халықаралық университетінде 120 орындық 2 жатақхана бар. Оның біреуі пәтерлік типтегі 21 орындық жатақхана. Жатақханадағы студенттер саны – 26 адам» — дейді басқарма басшысы.

Сонымен қатар, биыл М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде 600 орындық жаңа жатақхана құрылысы басталмақ. Бұдан бөлек Бәйішев университетінде жаңа оқу ғимараты мен 500 орындық жатақхананың жобалық сметалық құжаттары дайындалып, сараптамадан өткен. Аталған жобалардың құрылыс жұмыстары 2029 жылға дейін аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Басқа жаңалықтар