Экономика

Еңбек адамы – ел дамуының тірегі

2025 жыл Қазақстанда «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланып, еңбек адамының мәртебесін көтеруге ерекше көңіл бөлініп отыр. Бұл – тек бастама емес, қоғамдағы көзқарасты өзгертуге бағытталған маңызды қадам.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамымызда еңбек адамы бірінші орында тұруға тиіс екені, шын мәнінде, барлық жетістіктің бастауы – адал еңбек және іскерлік екенін атап өтті.

Нағыз экономиканың іргетасы – зауыттарда, өндірісте, ауыл шаруашылығында, құрылыста еңбек етіп жүрген азаматтар. Олар – күнделікті өміріміздің көрінбейтін, бірақ ең маңызды тірегі. Еңбек адамы – тек қарапайым жұмысшы ғана емес, ол – өз ісінің шебері, мемлекет үшін баға жетпес құндылық.

Қоғамдағы стереотиптерді жойып, жұмысшы мамандықтарының беделін көтеру – барлығымыздың ортақ міндетіміз. Бүгінгі еңбек адамы – елдің экономикалық қуатын арттыратын, болашақ ұрпаққа үлгі болатын тұлға. Оның еңбегі әрдайым лайықты бағалануы тиіс!

Музамелұлы Мейрамбек
Жастар ресурстық орталығының маманы

Related Articles

Back to top button