ӘкімдікРухани жаңғыруЭкономика

ЖӘРМЕҢКЕДЕ 60 БОС ЖҰМЫС ОРНЫ ҰСЫНЫЛДЫ

КЕШЕ ОРТАЛЫҚ САЯБАҚТА АУДАНДЫҚ «МАНСАП» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ЕҢБЕК КҮНІНЕ ОРАЙ БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ.

Тұрғындарға жұмыс ұсынылып, көптеген әлеуметтік бағдарламалар жайлы түсіндірілді. Одан бөлек шарада әлеуметтік бағдарламалар аясында грант пен несие алған кәсіпкерлер өз өнімдерін таныстырды.
«Мансап» орталығының басшысы Дәурен Бисебаев жұмысқа орналасу бойынша бірқатар бағдарламаларды атап өтті. Соның ішінде жастар тәжірбиесі бойынша көп жастарымыз жұмысқа орналасқанын атап өтті.
Жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру барысында қолдау көрсетіп орталықтың шараларына белсене қатысып жүрген аудандық қорғаныс істері бөлімі, аудандық ветеринария стансасы, жеке кәсіпкер Берік Берекенов, Гүлжамал Әліп облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуовтің Алғыс хатымен марапатталды.
— Мен мансап орталығының мамандарының кеңесімен мемлекеттен қайтарымсыз грант алып балалар ойын-сауық алаңын аштым. Менің басты мақсатым — балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау. Осы орайда ауданның мансап орталығының қызметкерлеріне алғыс білдіремін. Осы ойын алаңын ашам деген сәттен бағыт-бағдар беріп қолдау көрсетті, — дейді жеке кәсіпкер Гүлжиһан Тұрғаналиева.
Жәрмеңкеде 60-қа жуық бос жұмыс орыны ұсынылды.

Г.АБАЙҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар