Ақтөбе облысында халықтың 99 %-дан астамы сапалы ауыз сумен қаматамсыз етілген

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдімекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету туралы тапсырмасын жүзеге асыру аясында Ақтөбе облысында бір қатар жобалар жүзеге асырылып келеді. Қазіргі таңда облыста 319 елдімекеннің 291-і (91,2%) немесе 921 мың (99,2%) адам ауыз сумен қамтамасыз етілген, 28 (8,8%) елдімекен су ұңғымасын пайдаланады.
Су ұңғымасын пайдаланып отырған 28 ауылдың ішінде: 10 ауылға орталық су жүйесі жүргізілуде. Қалған 18 ауыл санитарлық нормаларға сай келетін таза ауыз сумен қамтылған су ұңғымаларын пайдалануда.
Мемлекет басшысы Жолдауындағы
2025 жылы халықтың сапалы ауызсуға қол жетімділігін 100% жеткізу тапсырмасын орындау нәтижесінде облыстағы ауыз сумен жабдықтау қолжетімділігін елдімекендер бойынша 301-ге (94,4%), халық бойынша 927 мың адамға (99,9%) жеткізу жоспарлануда.