Экономика

Туризмді дамыту үшін өңірдің туристік жерлері жақсартылады

Туризмді дамыту – бұл елдің экономикасы мен әлеуметтік дамуына серпін беретін маңызды бағыт болып табылады. Туризмді дамыту арқылы жаңа жұмыс орындары ашылады, мәдениет пен тарих насихатталады.
Еліміздің барлық өңірлерінде туризм аймағы болуға лайықты киелі және демалыс орындары жеткілікті. Оның ішінде, Ақтөбе облысы – өзінің тарихи ескерткіштерімен, саяхаттық бағыттарымен және киелі жерлерімен танымал.
Облыс аумағындағы «Ақтолағай» борлы тауы, «Қасқыр» сарқырамасы, Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты, «Абат-Байтақ» мемориалдық кешені, «Хан моласы» мемориалдық кешені және т.б. орындар кімді де болмасын қызықтырмай қоймайды.
Біз үшін ендігі мақсат облысқа келген туристерге жағдай жасау. Туризмді дамыту үшін өңірдің туристік нысандарын жақсарту шаралары қабылдануда. Ол үшін жол инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ қонақ үйлер мен кемпингтер салу, инвесторларды тарту және басқа да жұмыстар жоспарланып жатыр.

Мейіржан Наурызбайұлы, туризм бөлімінің бас маманы

Related Articles

Back to top button