КИНОТЕАТРДА КӨРСЕТІЛЕТІН ФИЛЬМДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ҚОҒАМДЫҚ ПІКІР ӨЗЕКТІ

Бурабайда өтіп жатқан Ұлттық құрылтай отырысында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде атқарылып жатқан саяси реформалар туралы айта келе, мәдениет соның ішінде кино саласына төқталып өтті.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде -«Тағы бір түйткіл – қазір кинотеатрда көрсетілетін фильмдерге қатысты қоғамдық сын бар. Былтыр қазақстандық мамандар түсірген 94 фильм шыққан, яғни, негізінен өзіміздің өнім шығарылып жатыр. Бұл – жақсы үрдіс. Бірақ біз ең алдымен санға емес, сапаға көңіл аударуымыз керек. Көрерменнің көңілін көтеріп, күлкі сыйлау – бір бөлек, жағымсыз әдеттерді насихаттау – бір басқа.
Зорлық-зомбылықты, қатыгездік пен қылмысты насихаттайтын фильмдер де пайда болды. Осы жерде бір нәрсені ескерген жөн.
Бүгінде фильмдердің басым көпшілігі мемлекеттік тапсырыспен емес, жеке қаржыға түсірілуде. Кино маңызды идеологиялық құрал екенін бәріміз жақсы түсінеміз. Сондықтан жеке қаржыға түсірілсе де, фильмді кинотеатрға шығармас бұрын алдын ала сүзгіден өткізу жолдарын қарастырған жөн»
Осы ата алған мәселенің көтерілгеніне сүзгіден өткізуге тапсырмалар жүктелгенін көріп қуанып отырмын. Бұл қоғамның қазіргі таңдағы өзекті мәселесі. Өсіп келе жатқан жас ұрпақ көгілдір экранда көрсетілген киномен тәрбиеленетін заманға аяқ басқанымызды ескеруміз қажет.
Мамбетова Айсұлу Кенесарықызы
Мәденеиет саласының ардагері