Экономика

БІЗ ЕЛДІ ТҮЗЕТУДІ БАЛА ОҚЫТУ ІСІН ТҮЗЕТУДЕН БАСТАУМЫЗ КЕРЕК

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр өткен республикалық педагогтар съезінде: «Ахмет Байтұрсынұлы: «Біз елді түзеуді бала оқыту ісін түзеуден бастауымыз керек», – деген. Ұлт ұстазының бұл сөзі қашанда орынды. Білім мен ғылым – табысқа жетудің ең басты кілті. Өскелең ұрпаққа тағылымды тәрбие және озық білім беру – өте маңызды міндет. Сондықтан ұстаздар қауымына, яғни сіздерге зор жауапкершілік жүктеледі. Жалпы тәуелсіздік жылдарында елімізде 2 300-ге жуық мектеп салынды. Соның нәтижесінде төрт ауысыммен оқытудан арылдық. Дегенмен үш ауысыммен оқу жүйесі әлі күнге дейін бар. Көптеген мектептің техникалық жабдығы ескірген. Осы мәселенің бәрін жоспарлы түрде шешуіміз қажет. Менің бастамаммен елімізде «Жайлы мектеп» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Екі жылдың ішінде барлық аймақта, соның ішінде ауылдық жерлерде жүздеген білім ордасы салынады. Соның арқасында үш ауысыммен оқытудан біржола құтыламыз», – деген болатын.
Оқу-ағартуға деген оң көзқарастың арқасында аудан, ауылдарда білім саласы да толағай табыстарға кенелуде.
Жалмуханова Аяжан
Асқарқызы
Теректі негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Related Articles

Back to top button