ЖАСТАР-ЕЛДІҢ БОЛАШАҒЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бурабайда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың IV отырысында көтерген мәселелері еліміздің болашағына соның ішінде жастарға қатысты маңызды бағыттарды атап өтті.
Жастар – елдің болашағы, сондықтан олардың тәрбиесіне және қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған шешімдер әрдайым өзекті болуға тиіс.
Бурабайда өтіп жатқан құрылтайдың кезекті отырысы осы тұрғыдан еліміздің алдағы уақытта дамуы мен азаматтардың құқықтарының қорғалуы жолындағы маңызды қадамдарды айқындады.
Жастарға жаңа мүмкіндіктер мен жаңа идеялар қалыптастыру жолында бірқатар жобалар қолға алынды. Бұл дегеніміз үлкен мүмкіндіктер алаңының есігі ашылғандығының белгісі. Тәуелсіздігіміздің 40 жылдығына дейін еліміздің дамуына, ұлттық құндылықтарды сақтауға және жастарға дұрыс тәрбие беру жолында бар күш-жігерімізді жұмсауды тапсырды.
Ақеділов Өркен
Ойыл аудандық мәслихат депутаты