Экономика
«ИНВЕСТОРЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАСЫЛ ДӘЛІЗ» ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдағы сөзінде инвестиция тарту – экономиканы өсірудің басты кілті екенін атап өтті. Бүгінде ел Үкіметі бизнеске қажетті жағдай жасау бағытында жұмыс жүргізуде.
Маңызды инвестициялық жобаларды қолдау үшін инвесторлар барлық қажетті рәсімдерден жедел және жеңілдетілген түрде өте алатын «Инвесторларға арналған жасыл дәліз» жүйесі енгізілді.
Мемлекет басшысы өз сөзінде Қазақстан инвесторлар үшін сенімді серіктеске айналуы керектігін, ол үшін ашық әрі тұрақты іскерлік орта қалыптастыру маңызды екенін атап өтті. Бұл бастамалар экономикалық өсімді ғана емес, ел азаматтарының өмір сүру сапасын жақсартуға да ықпал етеді.
Саматұлы Сайран
Ойыл аудандық мәслихат депутаты