МәдениетРухани жаңғыруЭкономика

«Жыр жазамын жүрегіммен»

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай нәзік жандыларға арналған «Жыр жазамын жүрегіммен» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Әйелдер қауымының қоғамдағы рөлін ұлықтаған бұл кеш аудан тұрғындары үшін есте қалар шара болды.

Шараның шымылдығы аудан әкімі Асқар Қайырғалиұлының жүрекжарды құттықтау сөзімен ашылды. Ол әйел-аналардың отбасы мен қоғамдағы маңызын атап өтіп, олардың ерен еңбегіне алғысын білдірді.«Ана – әр шаңырақтың берекесі, ұрпақтың тәрбиешісі, ізгіліктің бастауы. Сіздердің мейірімдеріңіз бен даналықтарыңыз қоғамды көркейтіп, жас ұрпаққа бағыт-бағдар беруде үлкен рөл атқарады», – деді аудан басшысы.Салтанатты кеш барысында өңірдің дамуына өз үлесін қосқан бірқатар әйелдер қауымы облыс әкімі Асхат Шахаровтың Алғыс хатымен марапатталды.
Сондай-ақ, ауданның дамуына өз үлестерін қосып жүрген нәзік жандылар да назардан тыс қалмады. Оларға аудан әкімі Асқар Қайырғалиұлы арнайы Құттықтау хат табыстап, жылы лебізін білдірді.
Мерекелік кеш концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Жергілікті өнерпаздар нәзік жандыларға арнап әсем әндерін шырқап, кештің сәнін аша түсті. Бишілердің өнері жиналған қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Related Articles

Back to top button