Экономика

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНДІРІСІНІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ ЭКОЖҮЙЕДЕГІ ТЕПЕ-ТЕҢДІКТІ САҚТАУМЕН ТІКЕЛЕЙ БАЙЛАНЫСТЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында Ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақтылығы экожүйедегі тепе-теңдікті сақтаумен тікелей байланысты. Сондықтан Президенттің бұл мәселені жан-жақты зерделеу қажеттігі туралы тапсырмасы шаруалар үшін тиімді болмақ.
«Рұқсатсыз аң аулағандарға жазаны күшейту үшін менің бастамаммен 2019 жылы заңнамалық шаралар қабылданды. Осы және басқа да жан-жақты шаралардың нәтижесінде еліміздегі киік саны күрт артты. Қазір оларға жойылып кету қаупі төніп тұрған жоқ. Бірақ енді басқа мәселе туындады. Ауыл шаруашылығы зардап шегіп жатыр. Эпизоотиялық ахуалдың да күрделеніп кету қаупі бар. Жалпы, экожүйеге түсетін салмақ артты. Үкіметке білікті мамандарды жұмылдыра отырып, осы мәселені жан-жақты зерделеуді және байыпты шешім қабылдауды тапсырамын», — деді Президент.
Осы ретте фермерлер мен шаруалардың жағдайына қарай отырып, экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталатын тиімді шешімдер қабылданады деп сенеміз.
Жауғашар Ақнұр Абатқызы
Ойыл аудандық ауруханасының Психолог

Related Articles

Back to top button