ЖАҺАНДЫ БЕЛГІСІЗДІК ЖАЙЛАҒАН БҰЛЫҢҒЫР ЗАМАНДА БӘСЕКЕГЕ БАРЫНША ҚАБІЛЕТТІ БОЛУМЫЗ КЕРЕК

Жаһанды белгісіздік жайлаған бұлыңғыр заманда бәсекеге барынша қабілетті болу үшін барлық жағынан кемел ұлт болуымыз қажет. Бұл – өркениетті, икемді, мақсатшыл жұрт болу деген сөз.» деп қазіргі қоғамдағы өзекті мәселеге тоқталды. Аталарымыздың «Жақсы адамның реніші шәйі орамал кепкенше, жаман адамның реніші басы көрге жеткенше» — деген сөзі көп реніштердің ұмытылуына септігі тигізеді.
Асыл қасиеттерімізді ардақтап, әдептен озбау деген – үлкен қасиет екендігін меңзеген болар. Әдептен озбау деген мәдениеттілік. Мәдениеттілік дегеніміз – тіліңді, дініңді, тарихыңды, салт-дәстүріңді өмірде қолдана білу. Мәдениеттілік тәрбиесінің бір ұшы-ұлттық тәрбиеге келіп тіреледі. Адамның әдептілігі мен мәдениет деңгейі оның сөйлескен сөзінен, істеген ісінен, мінез-құлқынан, жүріс-тұрысынан көрініп тұрады. Ғасырлар бойы қалыптасқан рухани қазынамыз бен құндылықтарымызды қазіргі дамыған ғылымның жетістіктерімен толықтырып іске асырар болсақ әлем қазақ ұлтын тағы бір қырынан мойындай түседі деп ойлаймын.
Әдибетов Алмат Әнетұлы
Үйірме жетекшісі