Экономика
ҚАЗІРГІ ТАҢДА ТУРИЗМ САЛАЛЫҚ КЕҢЕСІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАЙТЫН АЛАҢҒА АЙНАЛДЫ

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде өңірлерде туризмді дамытудың маңыздылығын айрықша атап өтті. Бұл бағытта бүгінде біздің облысымызда қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, “Атамекен” облыстық кәсіпкерлер палатасы жанынан туризм салалық кеңесі құрылды. Бұл кеңестің басты мақсаты— бизнесті шоғырландыру, туристік бағытты дамыту, өңірдегі кәсіпкерлерді толғандыратын мәселелерді шешу және олардың бірлесе жұмыс істеуіне мүмкіндік жасау.
Осы орайда қазіргі таңда туризм салалық кеңесі өзекті мәселелерді талқылайтын алаңға айналып, облысымызға туристерді тартуда кәсіпкерлердің өзара бірлесе еңбек етіп, осы саланы дамытуына жағдай жасап отыр.
Төреғалиева Ғазиза Манарбекқызы
үйірме жетекшісі