Экономика

БІЛІМ ҒАНА БӘСЕКЕЛЕСТІК БӘЙГЕСІНДЕ ОЗА ШАБУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

  • Бүгінгі күннің басты талабы еліміздегі білім саласын биікке көтеру болып тұр. Өйткені білімі мықты елдің ұрпағы білікті болып, Отанының тұтқасына айналып, тұтас әлемді зерделей алатынын өркениетті елдердің өрелі тірлігінен көріп отырмыз. Сондай шыңға көтерілу жолында Қазақ елі де өзіндік қимыл-қарекетін жасап жатыр. Мұндағы мақсат – білім сапасын арттыру, дамыған елдердің қатарына қосылу.
    Бұл бағытта ұлттық ерекшеліктерімізді сақтай отырып, саналы түрде әр істі сараптай алсақ, жаһандану бәсекесінде ұтылмасымыз анық.
Тәуелсіздікке қол жеткізген тұста да ерекше мән берілуі керек бірден-бір сала білім саласы болды. Олай дейтініміз, енді ғана дамуға бағыт алған елге нағыз мықты мамандар ауадай қажет еді. Әрі мемлекеттің ертеңі бүгінгі білімді ұрпаққа тікелей байланысты екені бесенеден белгілі. Сондықтан еліміз қазақстандықтардың білімді болуы үшін барлық жағдайдың жасалуына мән берді. Өйткені білім ғана бәсекелестік бәйгесінде қатардан қалмауға зор септігін тигізеді.
    Әбділда Сағынов
    Ойыл аудандық оқушылар үйінің директоры

Related Articles

Back to top button