БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЕҢ БАСТЫ БАҒЫТТАРДЫҢ БІРІ-ЦИФРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасының білім беру саласы жыл сайын дамып, халықаралық стандарттарға сай болуға ұмтылып келеді. Бұл үрдіс әлемдік білім беру жүйесіндегі өзгерістермен және Қазақстанның ішкі әлеуетін нығайтумен тығыз байланысты. Жаңа межелер мен реформалар білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде көрініс табуда – мектепке дейінгі білімнен бастап, ғылым саласына дейін.
Қазіргі таңда Қазақстан білім беру саласындағы ең басты бағыттардың бірі – цифрландыру. Бұл басым бағыт Қазақстанның білім беру жүйесінде жаңа бетбұрыстарға жол ашты. Бүгінгі күні көптеген мектептер мен университеттер жаңа технологияларды енгізіп, электронды оқулықтар, виртуалды зертханалар және цифрлық ресурстар арқылы оқыту үрдісін жетілдіруде. Қазақстанның жаңа межелерінің бірі – білім сапасын арттыру. Оқушылардың халықаралық рейтингтерде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуі маңызды мәселе болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшін оқу бағдарламалары жаңартылып, жаңа әдіс-тәсілдер енгізілуде. Мысалы, PISA, TIMSS секілді халықаралық зерттеулерге қатысу арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығы бағаланады. Оқу жоспарлары тек білім беру ғана емес, сонымен қатар, шәкірттердің шығармашылық қабілеттерін, сыни ойлау және проблемаларды шешу дағдыларын дамытуға бағытталған.
Есенгелді Бегалин
Ойыл аудандық білім бөлімінің басшысы