Экономика
Халық таңдауы – ел болашағы

2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойылуы – Қазақстанның демократиялық даму жолындағы маңызды белес. Референдум – бұл халықтың өз тағдырына өзі жауап беріп, мемлекет өміріндегі шешуші мәселелерге тікелей қатысуының айқын көрінісі. Мұндай қадам елдегі саяси мәдениеттің өскенін және билік пен халық арасындағы сенімнің нығая түскенін білдіреді.
Референдумның басты ерекшелігі – онда шешімді халықтың өзі қабылдайды. Әр азаматтың дауысы тең, әр пікір маңызды. Бұл қоғамдағы әділдік қағидатын бекітіп, ел бірлігін күшейтеді. Себебі ортақ шешім – ортақ жауапкершілік. Халық өз таңдауы арқылы мемлекеттің болашақ даму бағытын айқындайды.
Саматұлы Сайрам
Ойыл аудандық мәслихат депутаты



