Экономика

ҮЙІРЛІ ШЕГІРТКЕЛЕР ШАРУАЛАРДЫ «ШЫРЫЛДАТЫП» ОТЫР

«Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы» дейтін қазақ әуелден алдымен малдың қамына маңыз берген. Мамыр айы туғалы малмен бірге өрген шаруалар үйірлі шегірткенің дернәсілдері бой көрсете бастағанын айтып дабыл қақты.
Рас, 2024 жылы өсімдік қорғау іс-шараларының, оның ішінде зиянды және ерекше қауіпті организмдердің, аурулардың ошақтарын анықтап, таралу және даму динамикасын бақылап, тиянақты зерттеу жұмыстары жүргізілді.
ҚР АШМ «РФД және БӘО» РММ-нің ұсынған аумақтардағы Италия шегірткесінің дернәсілдерінің шығуы мен жұмыртқа салу аралығындағы кезеңіне қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар үшін 2025 жылға 55817 гектар жер жоспарланып, оның ішінде жермен — 43176 га, әуемен — 12641 га жер болжанып, бекітілген-ді. ҚР АШМ «РФД және БӘО» РММ-нің Ақтөбе облысы Ойыл аудандық филиалының басшысы Мейірхан Нәбиев шаруалардың айтулары бойынша және өздерінің зерттеулері негізінде шегірткелердің дернәсілдері бүгінгі күні аудан бойынша 114040 га аумақтан білініп отырғанын айтады.
Аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Бердіғали Абдуллин, «аудан аумағында 16 мамыр күні италиялық шегіртке дернәсілдеріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары басталды.
Жоспар бойынша Ойыл — 6345 га, Ш.Берсиев – 9910 га, Саралжын — 7375 га, Көптоғай — 8052 га, Қайыңды — 7266 га, Сарбие — 8837 га, Қараой а/о — 8032 гектар жерге өңдеу жүргізіледі.
Қазіргі таңда «Бағжан» ЖК 3 бірлік жер үсті желдеткіш бүріккіш техникасы, «Ақтөбе Құнарлық» ЖШС-нен 1 бірлік аэрозолдык генератор және «Мактоксин» ЖШС-нен 1 газогенератор техникасы жұмыс жасауда. Қазіргі таңда аудан бойынша барлығы — 10403 гектар жер өңделіп отыр», — дейді. Осылайша, ауданда аз ғана уақытта жолындағысын жайпап, ұрығын шашып өтетін үйірлі шегірткенің жолы кесілді. Бұл жұмыс әлі де жалғасып жатыр.

Related Articles

Back to top button