Экономика

ҮЕҰ үшін сыйлықақы беру конкурсы жалғасуда

1 шілдеден бастап үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны табыстау мақсатында жыл сайын өткізілетін конкурсқа өтінімдерді қабылдау жалғасуда.
ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы ұйымдардың әлеуетін нығайту және қоғамдық маңызы бар жобаларды іске асыруға ынталандыру мақсатында институционалдық қолдау көрсетуге бағытталған
Сыйлықақы әлеуметтік маңызы бар 16 сала бойынша беріледі. Бір салаға арналған сыйлықақы мөлшері 2000 АЕК-ті құрайды.
Егер сіздің ҮЕҰ қоғам өміріне белсенді қатысып, өз қызметі саласында көшбасшы ретінде танылып, әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге түбегейлі үлес қосып, жаңашыл идеяларды белсенді іске асырса – үздік ҮЕҰ арасында өтетін конкурсқа қатысуға шақырамыз.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 1 қыркүйекте (қоса алғанда) сағат 18:30-да (Астана қаласы уақытымен) аяқталады.
Конкурсқа қатысу шарттары туралы толығырақ келесі сілтеме бойынша білуге болады https://www.gov.kz/memleket/entities/akk/documents/details/863651?lang=kk
Сұрақтар туындаған жағдайда келесі нөмірлер бойынша хабарласуға болады: 8 (7172) 74-09-97, 74-07-41, 74-02-17.

Related Articles

Back to top button