Экономика

Президент Жолдауын жүзеге асыру: әлеуметтік қолдау өтініш қағидатынан мұқтаждарды анықтауға көшеді

Жыл басынан бері Қазақстанда халықты әлеуметтік қолдауға 3,4 трлн теңге бағытталды, төлемдер 4,5 млн адамды қамтыды. Мемлекет басшысының Жолдауда берілген тапсырмаларын орындау үшін Үкімет көмектің атаулы форматына көшуді жүзеге асырады. Мұның негізгі құралдары азаматтарды кедейліктен шығаруға бағытталған «Әлеуметтік келісімшарт» және «Отбасының цифрлық картасы» болды.

Жаңа тәсіл қазірдің өзінде өзінің тиімділігін көрсетуде. Атаулы әлеуметтік көмекті «Әлеуметтік келісімшарт» негізінде 48 мың отбасы алады, оның ішінде 8,3 мың еңбекке қабілетті азамат жұмысқа орналастырылып, оқыту немесе өз ісін ашу арқылы тұрақты табыс көзіне ие болды.

Мұның технологиялық негізі «Отбасының цифрлық картасы» болып саналады, ол әртүрлі мемлекеттік жүйелердегі деректерді талдайды, қолдауды қажет ететіндерді дербес анықтайды және бюрократияны жояды. Жүйеге 128 Отбасын қолдау орталықтарының қызметі кіріктірілген, бұл өмірлік қиын жағдайға тап болған 4 мың отбасыға кешенді көмек көрсетуге мүмкіндік берді.

Related Articles

Back to top button