Президент Жолдауын жүзеге асыру: 28 мың қызметкердің құқықтарын қорғау, мемлекеттік бақылау және «Тәуекелдер картасы» арқылы жарақаттануды 11%-ға төмендету.

Мемлекет басшысының азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау жөніндегі тапсырмаларын орындау үшін Үкімет мемлекеттік бақылауды күшейтуді, проактивті құралдарды енгізуді және заңнаманы жетілдіруді қамтитын шаралар кешенін жүзеге асырады.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде елімізде жыл басынан бері өндірістік жарақаттану деңгейінің айтарлықтай төмендеуі байқалады: зардап шеккендер саны өткен жылмен салыстырғанда 11%-ға, ал қаза тапқандар саны 14,7%-ға азайды. Мұндай нәтижелерге 95 мыңға жуық кәсіпорынды қамтитын «Еңбек тәуекелдерінің картасы» жобасын қоса алғанда, алдын алу шараларының нәтижесінде қол жеткізілді.
Сонымен қатар жұмысшылардың құқықтарын қорғауды күшейту үшін еңбек заңнамасы жетілдірілуде.
«Жаңа нормалар ұсынылады. Олардың негізгілері: тау-кен-металлургия, мұнай-газ және басқа да негізгі салалардағы кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі жөніндегі өндірістік кеңестерді міндетті түрде құру; техникалық инспекторлардың құқықтық мәртебесін бекіту; жоспардан тыс тексерулер жүргізу үшін негіздерді кеңейту және еңбек қатынастарын декларациялау бөлігінде міндеттемелер белгілеу»,
— деп атап өтті Светлана Жақыпова.