Экономика

«НӘБИ» ДҮКЕНІ ЖАННАНЫҢ ЖАҢА КӘСІБІ

Ауданда қазіргі таңда кәсіпкерлік саласын кеңейту бағытында мемлекеттік бағдарламалар арқылы оқып, кәсібін бастауға несие алып өз алдарына кәсіп ашып отырған жастарымыздың саны көбейіп келе жатыр. Сондай жастардың бірі жеке жас кәсіпкер Жанна Бауыржанқызы өз алдына үлкен мақсат қойып, жыл басында «Жанна» әсемдік салонын ашқан еді.Енді өз кәсібін кеңітіп, саудаға құлаш сермеп отыр. Өткен жексенбі күні аудан орталығында «Нәби» атты азық-түлік дүкені ашылып, халыққа өз қызметін ұсынды. Бұл іспен тоқтамай алдағы уақытта да кәсібін кеңейтуге Жанна алдына тағы да жоспар қойып отыр. Ауданымыздың әлеуметтік экономикалық саласын дамытуға, соның ішінде шағын және орта кәсіпкерлік саласын дамытуда өз үлестерін қосып жатқан барлық кәсіпкерлерімізге үлкен жетістіктер тілейміз.

Басқа жаңалықтар