ЗАҢ МЕН ТӘРТІП- ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК НЕГІЗІ

Өткен аптада Шығанақ Берсиев атындағы орта мектепте Ойыл аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен “Заң мен тәртіп тақырыбында аудандық семинар-практикум өтті. Семинарға Ойыл ауданына қарасты білім беру ұйымдарының директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар, мектеп педагогтері мен ата-аналар қатысты. Қатысушылар 4 бағыт бойынша жұмыс жүргізді.
Іс-шара барысында педагог-психологтар өз тәжірибелерімен бөлісіп, Ақтөбе қаласынан келген тәжірибелі мамандар өзекті тақырыптарда шеберлік сабақтарын өткізді.
Сонымен қатар, Ойыл аудандық емханасының акушері Анаргүл Наурызбаева «Ерте жүктілікті анықтау», СӨСҚ Майлыбаева Айгул Алпысбайқызы «Тұрмыстық зорлық-зомбылықты ерте анықтау, профилактика мәселелері» және аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің КТІЖ инспекторы Танат Құбышев «Көше тәртібі — бала қауіпсіздігінің негізі» тақырыптарында баяндама жасаса, Ш.Берсиев атындағы орта мектебі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Айгүл Әжмұханбетова «Отбасындағы тәртіп-баланың құқықтық және психологиялық қауіпсіздігінің кепілі» тақырыбында ақпараттық-ағартушылық жұмыстар жүргізді.
Семинар-практикум заң мен тәртіпті сақтау арқылы оқушылардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімді алаңы болды.



