Ұлттық құрылтайдың V отырысында мәдениет мәселесінің терең әрі жүйелі талқылануы — өте құптарлық қадам.

Қазақ мәдениеті мен руханиятын сақтау, дамыту және әлемдік кеңістікке шығару бағытында нақты бастамалар көтерілгені айқын байқалды. Әсіресе мәдени мұраны цифрлау, тарихи нысандарды қорғау, жаңа театрлар мен мәдени инфрақұрылым салу жөніндегі шешімдер — болашаққа салынған инвестиция деп есептеймін. Сонымен қатар ұлттық тілдің рөлін күшейту, сапалы қазақ тіліндегі контентті қолдау, креативті индустрияны дамыту туралы ұсыныстардың да маңызы зор.
Мәдениет — ұлттың болмысы мен беделі. Сол себепті Ұлттық құрылтайда мәдениетке қатысты елдік деңгейде пікірталас алаңының ашылуы біздің рухани саясатымыздың жанданғанын көрсетеді. Бұл бастамалардың жүзеге асуы қазақтың рухани капиталының артуына, ұлттық бірегейліктің нығаюына өз ықпалын тигізетініне сенемін.
Мырзабек Айгүлім Абайбекқызы
Ойыл аудандық ОКЖ-нің жасөспірімдер әдіскері



