ЕЛДІҢ ТАРИХИ ЖАДЫН ЖАҢҒЫРТҚАН ЖИЫН

Құрылтайда айтылған ұсыныстар мен бастамалардың бәрі бір орталықтан сүзгіден өтіп отырғаны жасырын емес. Қазақстанда саяси жүйенің барлық тармағы түптеп келгенде бір фигураға Президентке барып тіреледі. Сондықтан бұл құрылтайды да, одан туындайтын кез келген «реформаны» да «ұлттық келісімнің көрінісі» емес, президенттік бақылаудағы саяси процесс ретінде қабылдауға тура келеді. Соңғы ұсыныстардың бірі алдағы бір палаталы парламенттің атауын «құрылтай» деп өзгерту идеясы. Бұл бастама қоғамда қызу талқыланып жатыр. Бір тарап күмәнмен қарайды, енді бір тарап биліктің бұрыннан қалыптасқан жарнамашы тобы оны асыра мадақтауға кірісті. Бірақ негізгі сұрақ сол күйі жауапсыз қалды: атауды қазақшалау арқылы біз шын мәнінде ұлттық мазмұнға қол жеткізе аламыз ба? |
Ойылханова Венера
Ойыл аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі бас маманы



