ДенсаулықМәдениетЭкономика

«DOMBYRA PARTY» ТҰРҒЫНДАРҒА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

ШІЛДЕ АЙЫНЫҢ БІРІНШІ ЖЕКСЕНБІСІ – ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ. 2018 ЖЫЛДЫҢ 13 МАУСЫМЫНДА ҚОҒАМДЫ ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ ПЕН БІРЕГЕЙЛІКТІ САҚТАУ МЕН ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ ИДЕЯСЫНЫҢ ТӨҢІРЕГІНДЕ ОДАН ӘРІ ТОПТАСТЫРУ МАҚСАТЫНДА ШІЛДЕНІҢ БІРІНШІ ЖЕКСЕНБІСІН ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ РЕТІНДЕ БЕЛГІЛЕУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҒЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ.

Қазақ халқының киіз үйі мен айтыс өнері, домбыра аспабы ЮНЕСКО тізіміне енген ең ежелгі мұралар ретінде белгілі.
Ұлттық болмысты айшықтайтын құндылықтардың өзіндік мәні бар. Соның ішінде қазақтың қара домбырасының тарихы тереңде жатыр.
Домбыра күні ұлттық аспапты ұлықтау күні ғана емес, елдің мәдени мұрасын насихаттайтын мерекеге айналды.
Аталған мерекеге орай » Ұлтымның ұлы аспабы-домбыра» атты жылжымалы «DOMBYRA PARTY» ұйымдастырылып, аудан өнерпаздары су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар орналасқан эвакуациялық пунктте және сауда орталығында тұрғындарға дәстүрлі халық әндерін, термелерді шырқап, күйлер топтамасын күмбірлетті.
Тұрғындарға қаншалықты домбырада ойнай алатыны, күй-күйшілер туралы білімін анықтау мақсатында сұрақ-жауап жүргізіліп, сыйлықтар тарту етілді.

Басқа жаңалықтар