Экономика

ҚҰРЫЛТАЙ ӨЗГЕРІСТЕР АЛАҢЫ

Жүзеге асырылған және жоспарланып отырған өзгерістер асығыс қабылданған немесе белгілі бір жағдайға байланысты туындаған шешімдер емес. Сондықтан бастамалардың бәрі елді жан-жақты жаңғыртудың ұзақ мерзімге арналған біртұтас стратегиясына тоғысып отыр. Оң әрі тұрақты нәтижеге жету үшін эволюциялық жолмен жүру, кезең-кезеңімен әрекет жасау, сондай-ақ қоғамды жаңа саяси және экономикалық ахуалға бейімдеу қажет екеніне сенімдімін. «Әр нәрсенің өз уақыты бар» деп халқымыз бекер айтпаған.
Ұлттық құрылтайдың бүгінгі қорытынды отырысында да осындай сәт туып тұр деп санаймын. Сол себепті жаңадан маңызды ұсыныс айтқым келеді. Мен ұсынатын жаңашылдықты біз бірнеше жыл бойы мұқият қалыптастырып келе жатқан саяси құрылымның үйлесімді түйіні деуге болады. Әңгіме Қазақстан Республикасының Вице-президенті институтын құру, тиісінше оны Конституцияда бекіту туралы болып отыр. Вице-президентті Мемлекет басшысы Парламент депутаттарының көпшілігінің келісімін ала отырып тағайындайды. Оның құзырет аясын Мемлекет басшысы өзі белгілейді.
Саматұлы Сайран
Ойыл аудандық мәслихат депутаты

Related Articles

Back to top button