Экономика

Жаңа Конституция білім саласын қорғауға мүмкіндік береді

«Еліміз даму жолында маңызды қадам жасап жатыр. Жаңа Конституция білім саласын қорғауға мүмкіндік береді. Білім беру саласы діннен тәуелсіз болып, оқу орындары енді діни ықпалдан алшақ болып, балалар мен жастардың білім алуына таза әрі бейтарап орта қамтамасыз етіледі. Бұл өзгеріс елдің болашағын ойлайтын, білім мен ғылымға мән беретін қоғам құруға бағытталған маңызды қадам.»
Конституциялық өзгерістер – қоғамның дамуына, заман талабына бейімделуіне бағытталған маңызды қадам. Бұл өзгерістер мемлекеттік басқаруды жетілдіруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейтуге, заң үстемдігін нығайтуға ықпал етеді. Сонымен қатар, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті сақтап, халықтың ел басқару ісіне қатысу мүмкіндігін арттырады. Сондықтан конституциялық өзгерістер елдің тұрақты дамуы мен демократиялық қоғам құру жолындағы оң бастама деп бағаланады.

Жумин Нұрсұлтан
Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығы маманы

Related Articles

Back to top button