Экономика

Таза Қазақстан: «Топырақтың алты дюймі» атты экологиялық деректі фильм көрсетілді

Бүгін «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде, оқу орнының ұйымдастыруымен «Топырақтың алты дюймі» атты деректі фильмнің көрсетілімі өтті.

Көрсетілімге Ұлыбританияның Астанадағы Елшілігінің климат және көгалдандыру бөлімінің басшысы Кирри Хендриксен қатысты.

Шараның мақсаты – жастардың экологиялық мәдениетін арттыру, табиғатқа жауапкершілікпен қарау құндылықтарын қалыптастыру, жер ресурстарын ұқыпты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын насихаттау.

Шараға 200-ге жуық студент пен мен оқытушы қатысты.

Фильмде топырақты қалпына келтіру, адам денсаулығын жақсарту және жергілікті қауымдастықтарды қолдау жолындағы тәжірибелерді көрсетеді.

Көрсетілімнен кейін сарапшылар мен қатысушылар арасында панелдік пікір алмасу ұйымдастырылып, экологиялық тақырыптағы өзекті мәселелер талқыланды. Студенттер мұндай іс-шаралардың экологиялық сана қалыптастыруға, азаматтық белсенділікті арттыруға және тұрақты даму қағидаттарын насихаттауға үлкен үлес қосатынын алға тартты.

«Іс-шара студент жастардың экологиялық санасын қалыптастыруға және табиғатқа жауапкершілікпен қарау мәдениетін дамытуға бағытталған маңызды қадам болды. Деректі фильм арқылы қатысушылар жер ресурстарын ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың маңызын терең түсінді. Осындай тағылымды кездесулер жастардың азаматтық белсенділігін арттырып, тұрақты даму құндылықтарын насихаттауға үлкен үлес қосады. Алдағы уақытта да осындай мазмұнды іс-шараларды жүйелі түрде ұйымдастыруды жалғастыру қажет деп санаймын», — деп атап өтті спикерлердің бірі – Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Стратегиялық даму және цифрландыру жөніндегі проректоры Дастан Хусаинов.

Іс-шараға қатысушы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің 4 курс студенті Көптілеуова Ақбота да өз пікірімен бөлісті.

«Бұл іс-шара мен үшін өте әсерлі әрі танымдық болды. Деректі фильм арқылы табиғатқа жауапкершілікпен қараудың және жер ресурстарын қорғаудың маңызын тереңірек түсіндім. Осындай мазмұнды кездесулер студенттердің экологиялық санасын арттырып, белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыруға ықпал етеді», — деді ол.

Related Articles

Back to top button