Экономика
Референдумның маңызы

Референдум – демократиялық қоғамның басты тетіктерінің бірі. Ол арқылы азаматтар заңнамалық өзгерістерге, конституциялық түзетулерге немесе маңызды мемлекеттік бастамаларға өз көзқарасын білдіреді. Бұл – халық пен билік арасындағы сенімді нығайтатын, ашықтық пен әділдік қағидаттарын бекітетін үдеріс.
Тәуелсіздік жылдарында елімізде бірнеше маңызды референдумдар өтті. Атап айтқанда, Қазақстан тарихында 1995 жылғы Конституцияны қабылдау бүкілхалықтық дауыс беру арқылы жүзеге асты. Бұл оқиға мемлекеттің құқықтық негізін қалыптастырып, ел дамуының жаңа кезеңін ашты. Ал 2022 жылғы конституциялық реформалар да жалпыхалықтық референдум арқылы бекітіліп, саяси жүйені жаңғыртуға бағытталды.
Шабай Әділет Есқуатұлы
Кадр маманы



