15 наурыздағы референдум – жаңару мен жауапкершілік кезеңі

15 наурызда өткен референдум – ел өміріндегі маңызды тарихи белес. Бұл күн тек саяси науқан ғана емес, бүкіл қоғамның болашағына қатысты шешім қабылдаған жауапты сәт ретінде есте қалды. Референдум – халықтың тікелей ерік білдіру құқығын жүзеге асыратын демократиялық құрал. Сондықтан оның маңызы тек дауыс берумен шектелмей, азаматтық белсенділік пен қоғамдық сананың жаңаруын білдіреді.
Қазақстанда референдум институты ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарынан бастап маңызды рөл атқарып келеді. 1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы бүкілхалықтық референдум арқылы бекітілді. Бұл оқиға мемлекеттілікті нығайтуға және саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге негіз қалады. Ал 2022 жылғы референдум жаңа реформаларға жол ашып, саяси жүйені жаңғырту бағытын айқындады.
Исабаев Дулат
Ойыл музей басшысы


