Референдум
Референдум – халық еркін білдіретін мүмкіндік

Қоғам дамыған сайын халықтың мемлекет басқаруына қатысуы да маңызды бола түседі. Осындай мүмкіндік беретін демократиялық құралдардың бірі – референдум. Референдум кезінде азаматтар елдің болашағына қатысты маңызды мәселелер бойынша өз дауысын беріп, ортақ шешім қабылдауға қатысады.
Референдумның басты артықшылығы – халықтың пікірі тікелей ескеріледі. Бұл жағдайда әрбір азаматтың дауысы құнды болып саналады. Мұндай қатысу адамдардың азаматтық жауапкершілігін арттырып, елдегі саяси мәдениеттің дамуына ықпал етеді.
Казмуханова Молдашкали
“AMANAT”партиясы Ойыл аудандық филиалының консультанты



