Референдум
Референдум – халық сенімінің көрінісі

Мемлекеттің дамуы халықтың белсенділігі мен бірлігіне байланысты. Осындай бірлікті көрсететін маңызды саяси құралдардың бірі – референдум. Референдум арқылы азаматтар елдегі маңызды мәселелер бойынша өз көзқарасын білдіріп, ортақ шешім қабылдауға қатысады. Бұл – халықтың еркін тікелей білдіретін демократиялық тәсіл.
Референдум өткізу қоғамдағы ашықтық пен әділдікті нығайтады. Өйткені маңызды өзгерістер тек билік тарапынан ғана емес, халықтың қолдауымен жүзеге асады. Азаматтар дауыс беру арқылы елдің саяси, әлеуметтік және құқықтық дамуына ықпал етеді.
Жүндібаев Дархан
Қоғам белсендісі

