Денсаулық

«Ойыл аудандық орталық аурухана» бастауыш партия ұйымы облыстың намысын қорғайды

«Нұр Отан» партиясы бастауыш партия ұйымдарының қызметін уәждемелеу және олардың жұмысын жандандыру, сондай-ақ, партия жұмысына қоғамдастықтың назарын аудару мақсатында жыл сайынғы «Ең үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауының І кезеңінде партияның Ойыл аудандық филиалына қарасты 30 БПҰ-ның 20-сының жұмысы сараланып, оның ішінен «Ойыл аудандық орталық аурухана», «Ойыл аудандық мәдениет үйі», «Тайсойған ауылдық клубы» бастауыш партия ұйымдары озық шықты.

Аудандық деңгейде І орынды жеңіп алған «Ойыл аудандық орталық аурухана» БПҰ-ы (ұйым төрағасы Қ.Атағалиев) облыстық деңгейге жолдама алған болатын.Осы апта басында «Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары анықталды. Арнайы құрылған комиссия байқауға қатысқан бастауыш ұйымдардың жұмысын саралап, ортақ шешімге келді. Байқауда бастауыш ұйымдардың партиялық жобаларды жүзеге асыруға атсалысуы, өткізген іс-шаралардың мазмұны, партиялық жұмыста жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануы, тұрғындардың мәселесін шешуі және тағы басқа да жұмыстары бағаланды. Нәтижесінде 1-категория бойынша Ойыл ауданындағы «Аудандық аурухана» БПҰ, 2-категориядан Қарғалы ауданындағы «Аудандық аурухана» БПҰ және 3-категория бойынша «Трансэнерго» АҚ БПҰ І орынды жеңіп алды.

Жүлдегерлер партияның Ақтөбе облыстық филиалы конференциясында марапатталып, республикалық кезеңде облысымыздың намысын қорғайды.

Басқа жаңалықтар