Жаңалықтар

ТАБИҒАТ АЯСЫНДАҒЫ «ТАРТЫСТЫ» ДЕМАЛЫС ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРГЕ СЕРПІН СЫЙЛАДЫ

Ойыл аудандық белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ұйымдастыруымен, табиғат аясында алғаш рет зейнеткерлер үшін «BARQUN TEAM FEST — 2026» тимбилдингі өтті. Шараға орталық қатысушылары мен ардагерлер қатысып, көтеріңкі көңіл-күйде мазмұнды уақыт өткізді.
Тимбилдингтің ашылу салтанатында Ойыл аудандық мәслихатының төрағасы С. Займолдин сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Ал Ойыл аудандық өнер және өлке тарихы музейінің директоры Д.Исабаев «Барқын құмының» тарихынан сыр шертіп, танымдық экскурсия өткізді.
Көңілді шараның жалғасы командалық сайысқа ұласып, қатысушылар «Көкжар», «Ойыл», «Бәйтерек» командалары болып бақ сынасты. Тартысты жарыс нәтижесінде І орынға «Көкжар» командасы, ІІ орынға «Ойыл» командасы, ІІІ орынға «Бәйтерек» командасы иеленді.
Шара соңында командалар орталық атынан мадақтамалармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Аманорман Алтыбаев, Құнанбай Дәулетқалиев, Андрей Сисенғалиевтар үздік капитандар деп танылса, ал командалық үздік ойыншылар Разихан Ешмұханбетова, Сәуірбай Ұлықпанов, Гүлзада Жұмағалиевалар арнайы марапаттарға ие болды.
Сонымен қатар шараға белсене қатысқан ардагерлеріміз Биғали Ахметов, Нәтима Нұғыманова мен Сырға Қалдығұловаларға Алғыс хаттар табысталды.

Кеш барысында қызықты ойындар ойнатылып, әсем әндер шырқалып, күмбірлеген күйлер орындалды. Ақ дастархан басындағы бейресми жүздесу қатысушыларға ерекше көңіл-күй сыйлады.

Related Articles

Back to top button