Жаңалықтар

ЖАСТАРДЫ СЕРПІЛТКЕН КҮН

Халықаралық жастар күніне орай ауданымызда жастар саясатын дамытуға, жас буынның қоғамдық белсенділігін арттыруға және жастар бастамаларын қолдауға үлес қосып жүрген бірқатар белсенді жастар марапатталды.
Мерекелік шара барысында жастар саласындағы еңбегі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін бірқатар азаматтарға арнайы алғыс хаттарды аудан әкімі Асқар Қазыбаев табысталды.
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың Алғыс хатымен
— Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығының маманы Анар Аралқызы марапатталса, Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиевтің Алғыс хатымен Аймекен Әндірова мен Нұрлан Ешімов марапатталды. Ақтөбе облыстық жастар орталығының басшысы Әлішер Садықтың Алғыс хатымен белсенді жастар Елеусін Займолдин мен Дамир Галиакбаровтар марапатталды.
Бұл марапаттар — жастар саясатын дамыту жолындағы еңбектің, белсенділіктің және ел болашағына деген жауапкершіліктің бағасы.
Сондай-ақ, аудан әкімі «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жастарымен кездесті.
Кездесу барысында аудан әкімі жасақшылардың жазғы еңбек маусымындағы жұмыстары, атқарылып жатқан тазалық және абаттандыру жұмыстары туралы пікір алмасты. Жастардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, олардың қоғамдық жұмыстарға белсенді араласуының маңыздылығын атап өтті.
«Жасыл ел» жобасы жастарды еңбекке баулып қана қоймай, туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне үлес қосуға мүмкіндік береді.
Кездесу соңында жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, аудан басшысымен еркін форматта пікір алмасты.

Related Articles

Back to top button