Жаңалықтар

350 БҮЛДІРШІН АЛҒАШ РЕТ МЕКТЕП ТАБАЛДЫРЫҒЫН АТТАДЫ

Бүгін – білім мен ізденістің, жаңа мақсаттар мен үлкен мүмкіндіктердің бастауы. Әсіресе, мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін бұл күннің орны ерекше.

Бүгінде Ойыл ауданында 23 жалпы білім беретін мектепте 3 мыңнан астам оқушы білім алады. Жаңа оқу жылында 350 бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды. Оларға сапалы білім мен қауіпсіз орта қалыптастыру – біздің басты міндетіміз.

Өткен оқу жылында ауданымыздың 172 түлегінің 42-сі мемлекеттік білім грантына ие болды. Пән олимпиадасының облыстық командалық есебінде ауданымыз алғаш рет ІІІ орынға қол жеткізді. Бұл – ұстаздарымыздың еңбегі мен оқушыларымыздың талпынысының нәтижесі.

Қазіргі таңда мектептердің материалдық-техникалық базасы жаңарып, қауіпсіздік жүйелері күшейтіліп, заманауи кабинеттермен жабдықталуда. Ендігі міндет – осы мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, білім сапасын одан әрі арттыру.

Бала – ел болашағына салынған ең үлкен инвестиция. Әр баланың бойына біліммен қатар адамгершілік, адалдық, еңбекқорлық, заңға құрмет сияқты құндылықтарды сіңіру – баршамызға ортақ міндет. Бүгінгі білім – ертеңгі жарқын болашақтың негізі. Бала тәрбиесі – мектеп пен отбасының ортақ ісі. Ұстаздармен бірлесе отырып, балаларымыздың сапалы білім алып, саналы азамат болып қалыптасуына қолдау көрсетейік.

Related Articles

Back to top button