Жаңалықтар

ЕЛ ҚАЗЫНАСЫНА ҮЛЕС ҚОСҚАН 35 ЖЫЛ

Өткен аптада Қазақстан Республикасының салық қызметіне 35 жыл толуына орай «Салық қызметі органдарының ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облысы бойынша филиалының директоры Саламат Аманбаев ауданға арнайы келіп, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының ұжымы және осы саланың ардагерлерімен кездесті.

Кездесуге қатысқан аудан әкімі Сәкен Займолдин қазіргі мемлекеттік кірістер саласының ауданның дамуына қосқан үлесі мен маңызына тоқталып, Саламат Ермұханұлына аудан халқының атынан арнайы естелік сыйлық ұсынса, «Салық қызметі органдарының ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облысы бойынша филиалының директоры мерейтойға орай салық саласы қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қалыптасуы мен дамуына сүбелі үлес қосқан бірқатар азаматқа марапаттар табыстады. Сонымен қатар, ел игілігі жолындағы нәтижелі еңбегі мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін аудан әкімі Сәкен Ғазизұлын да арнайы марапаттады.
Мерекелік жиын барысында салық қызметі саласында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен мамандар Едіге Жалғасбаев, Дәмелі Нұртанова, Ұлдай Шойманова мен Жасұлан Ержановтар органның құрылған кезінде кездескен қиындықтар мен саланың тарихынан сыр шертіп, бүгінгі әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Related Articles

Back to top button