Әлеумет
Қайырымдылық — жақсылықтың жаршысы
Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Қайырымдылық ісіңнен көрінеді, — дейді қазақ. Соның бір дәлелі ісімен үлгі болып жүрген жас кәсіпкер Жарқынай Жамалладинқызы мен «ZHASPROJECT» жастар корпусын дамыту жобасының жеңімпаз жастары ауданымыздағы аз қамтылған, көп балалы отбасы балаларына қысқы киімдер алып беріп, қайырымдылық көмек көрсетті. Өйткені, қайырымдылық — жақсылықтың жаршысы. Сондықтан, аудан жастарын, жас кәсіпкерлерді қамқорлықты қажет ететін жандарға қолұшын беріп, осындай акцияларға атсалысуға шақырамыз!
Мейрамбек МУЗАМЕЛҰЛЫ,
Ойыл аудандық жастар ресурстық
орталығы басшысының міндетін уақытша
атқарушы