Әлеумет

«Сыйласаң кәріңді, Жарылқаймын бәріңді!»

Мереке қарсаңында аудан әкімі Дастан Сағыров Ойыл селосындағы қарт аналарды құттықтап, арнайы сыйлықтарын табыстады.

Алдымен тоқсан жастағы Жансұлу әжеге сәлем берді. Еліміздің тыныштығын тілеген әже ақ батасын берді. Аудан басшысы балалары ғана емес, немерелері де ат жалын тартып, азамат болып, ауданның әр саласында еңбек етіп жүрген Ақжан әжеге де арнаулы сыйлығын ұсынды. Аудан басшысы бастаған топ Шомпақова Жәмила мен Меңдібаева Дариға әжелердің де шаңырағына барып құттықтап, алғысын алды.

Басқа жаңалықтар