Ақтөбе қаласында Волонтерлер күніне және өңірдегі жастар ресурстық орталықтардың құрылғанына 10 жыл толуына орай облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Облыстық жастар сыйлығы-2023» іс шарасы өтті. Белсенді және талантты жастарға марапат табыстауға арналған салтанатты шараға облыс әкімі Асхат Шахаров қатысты.
Мерекелік жиында«Үздік жастар ресурстық орталығының басшысы», «Жыл үздігі», «Жыл серпіні», «Үздік креативті орталық», «Үздік волонтерлік топ», «Үздік волонтер» номинацияларын иелеріне табыстады.
Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығы үздіктер қатарынан көрінсе, «Үздік жастар ресурстық орталық басшысы» номинациясымен орталық басшысы Жангүл Ізғарина марапатталды.
Аудан еріктілері биылдың өзінде Республика, облыс көлемінде марапаттарға қол жеткізді. Сондай-ақ, аудандық жастар ресурстық орталығының бастамасымен «NEET» санатындағы жастармен жұмыс жобасын, «Шексіз мүмкіндік», «Таза аула», «Оразадағы 10 игі іс» жобаларын жүзеге асырғандығын еске саламыз.
P.S. 5 желтоқсан – Халықаралық волонтерлер күніне орай қоғамдық, қайырымдылық шараларда белсенділік танытып жүрген жастарға Республикалық волонтерлер фронд-офисінің басшысы Т.Миронюк және облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Н.Мусиннің Алғыс хатын бір топ жастарға тапсырды.