Спорт

Ойылдың Ұланы — әлем чемпионы!

1 маусым күні Ресейдің Санкт-Петербург қаласында қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионаты өтті. 60 кг салмақта ел намысын қорғаған Ойылдың өрені – Ұлан Мұқашев әлем чемпионы атанды! Бұл жолғы біріншілікте Ұлан чемпиондық жолында 5 кездесу өткізді. Іріктеу кезеңінде Өзбекстан мен Ресейдің және Молдаваның спортшыларын жеңген Ұлан жартылай финалда Беларусь спортшысын жарыс жолынан шығарды. Ал, финалда өзінің «ежелгі қарсыласы» Дмитрий Казыгашевпен кездесті. «Ежелгі қарсыласы» деп ерекшелеп отырған себебіміз, осыдан екі жыл бұрын осы ресейлік спортшымен финалда кездесіп, жеңіліп қалған еді. Әрине, бұл жолы да нағыз финалға тән жекпе-жек болды. Ресейдің төрінде атой салған Ұланның жеңісін бұл жолы төрешілер еріксіз мойындады.
Жарайсың, Ұлан!

Басқа жаңалықтар